Мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей ме?
Мереке күндері Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істей ме?
Фото: exk.kz
500
оқылды
Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсанда Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс істемейді. Бұл туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы хабарлады. Желтоқсанның 17-сі мен 18-і демалыс күндеріне сәйкес келуіне байланысты ХҚКО бұл күндері де жұмыс істемейді.
«Бұл ретте кезекші Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары сенбі, 17 желтоқсан күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейтінін атап өтеміз» делінген ресми хабарламада.
Дүйсенбіден, яғни 19 желтоқсаннан бастап ХҚКО қайтадан әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейді. Жұмыс күндері ХҚО және Арнайы ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО және Арнайы ХҚО дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні 9.00-ден 13.00-ге дейін жұмыс істейді.