Алматыдан 248 шақырым қашықтықта жер сілкінді
Алматыдан 248 шақырым қашықтықта жер сілкінді
633
оқылды
Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты сейсмикалық стансалар желісі 17 желтоқсан күні Астана  уақытымен сағат 13.42-де Алматыдан 248 шақырым қашықтықта жер сілкінісін тіркеді.
«Зілзала эпицентрі Алматыдан оңтүстікке қарай 248 шақырым қашықтықта, Қырғызстан аумағында орналасқан. Энергетикалық класы – 9.5. MPV магнитудасы – 4.0. Эпицентр координаттары – 41.19° с.е. 75.61° ш.б. Тереңдігі – 15 шақырым. Сезілуі жайлы ақпарат (MSK-64 шкаласы бойынша) жоқ», - делінген кезекші оператор хабарламасында.