Астанадағы балабақшада таяқ жеген бала ем қабылдауда
Астанадағы балабақшада таяқ жеген бала ем қабылдауда
580
оқылды
Астанадағы балабақшада музыка пәнінің мұғалімі 5 жасар қызға күш қолданды. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде тарап кетті. Кадрда мұғалімнің кішкентай қызға қалай жақындап, оның қолдарынан ұрғаны көрінеді. Елордалық Полиция  департаменті ата-аналардың мұғалімге шара қолдану туралы арыз жазғанын хабарлады.
«Қазір бала емделуде, одан кейін кәмелетке толмағанға тиісті сараптамалар тағайындалып, кінәлілердің әрекетіне құқықтық баға беріледі», - деп қосты ПД.