Полицейлер «Кибер-шерифтің» көмегімен 1,5 миллион теңге айыппұлы бар көлікті анықтады
Полицейлер «Кибер-шерифтің» көмегімен 1,5 миллион теңге айыппұлы бар көлікті анықтады
Фото: smi24.kz
2,460
оқылды
Түркістан облысында полицейлер «Кибер-шериф» жүйесінің көмегімен 1,5 миллион теңге айыппұлы бар көлікті анықтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, әкімшілік айыппұлдарды төлеуден жалтарған көлік иесін ұсталды. Шымкент – Самара тасжолында «Кибер-шериф» автоматты жүйесінің көмегімен Түркістан облысының тұрғыны басқарған Volkswagen Passat көлігін тоқтатты. Тексеру кезінде аталған автокөліктің сот орындаушысының қаулысына сәйкес, жалпы сомасы 1,5 миллион теңгеге жуық төленбеген айыппұлы бары анықталды. Тәртіп сақшылары Volkswagen Passat автокөлігін айыптұрағына қойды. Түркістан облысында соңғы үш тәулікте «Кибер-шериф» көмегімен 600-ден астам әкімшілік құқықбұзушылық анықталды.