Павлодарда өртенген үйден ер адам мен 6 жасар баланың мәйіті табылды
Павлодарда өртенген үйден ер адам мен 6 жасар баланың мәйіті табылды
Фото: Павлодар облысы ТЖД-нен алынды
353
оқылды
Павлодар облысында үй өртенді. Ер адам мен кішкентай бала көз жұмды. Үш жасар қызды көршісі құтқарып қалған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. ТЖД-нің мәліметінше, кеше сағат 23.13 кезінде құтқару қызметіне өрт туралы хабар келген. Тереңкөл ауданы Тереңкөл ауылы Елгин көшесі, 16 мекенжайында 1 қабатты қамыстан салынған үйде өрт тұтанған. Жалын шамамен 64 шаршы метр аумақты шарпыды. Шатыр жартылай құлап қалған. Өрт сөндірушілер келгенге дейін 2019 жылы туған қызды көршісі құтқарып үлгерген. Ол ауруханаға жатқызылды. Бала көміртегі тотығынан уланған, оң қабағы және бетінің сол жағы бірінші дәрежелі термиялық күйік алған. Барлау кезінде үйіндінің астынан 1958 жылы туған ер адам мен 2016 жылы туған баланың күйген мәйіті табылды. Өрт 20 желтоқсан сағат 01.47 шамасында толық сөндірілді. Тілсіз жаумен күреске барлығы 8 қызметкер және 3 техника жұмылдырылды.