Татарстан президентінің лауазымы раис деп өзгертіледі
Татарстан президентінің лауазымы раис деп өзгертіледі
535
оқылды
Татарстан мемлекеттік кеңесі (парламенті) бірінші оқылымда республика конституциясына қолданыстағы аймақ басшысы Рустам Миннихановтың өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін президент лауазымының атауын өзгертуді көздейтін түзетулер жобасын қабылдады. Татарстандағы ең жоғары лауазым атауы «Татарстан Республикасының басшысы – раис» болады.
– «Татарстан Республикасының раисы» деген қысқартылған нұсқаны да пайдалану мүмкіндігі көзделіп отыр. Ең жоғары лауазымға жаңа атау бере отырып, республикамыздың қазіргі президенті Рустам Нұрғалиұлы Минниханов президент болып сайланғанын түсінеміз. Осыған байланысты ұсынылған заң жобасында өтпелі ережелер бар, оған сәйкес заң жобасында көзделген жаңа атау Татарстан Республикасының жаңадан сайланған жоғары лауазымды адамына ғана қолданылатын болады, – деді парламенттің мемлекеттік құрылыс және жергілікті басқару комитетінің төрағасы Альберт Хабибуллин.
Заң жобасын қабылдауға 78 депутат дауыс берді, ал үшеуі қарсы болды. Рустам Минниханов 2020 жылы Татарстанның президенті болып сайланды. Оның мерзімі 2025 жылы аяқталады.