Павлодарда полицейлер граната жармақ болған азаматты ұстады
Павлодарда полицейлер граната жармақ болған азаматты ұстады
420
оқылды
Павлодарда полицейлер граната жармақ болған 47 жастағы ер адамды ұстады. Қазір саперлер жарылғыш затты тексеріп жатыр. Polisia.kz мәліметінше, сағат 11.30-да қалалық полицияға отбасылық жанжал туралы қоңырау түсті. Пәтерде мас адам ұрыс шығарып, "гранатаны жарып жіберемін" деп айқайлаған. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері оны сабырға шақырып, сөйлесе бастаған. Осы сәтті пайдаланған полицейлердің бірі гранатаны ер адамның қолынан жұлып алып, оны залалсыздандырған.
"Барлық арнайы қызметтер оқиға туралы хабардар етілді. Үй тұрғындарын эвакуациялау жүргізілді", - деп мәлімдеді полициядағылар.