Қызылордада жаңажылдық шырша өртеніп кетті
Қызылордада жаңажылдық шырша өртеніп кетті
870
оқылды
Қызылорда қаласына қарасты Тасбөгет кентінде орнатылған жаңажылдық шырша өртеніп кетті.  112 құтқару қызметіне 1 қаңтарда сағат 02.01-де қала іргесінде орналасқан Тасбөгет кентінде жаңажылдық шырша жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті.
«Аталған шақырту бойынша №4 өрт сөндіру бөлімінен 7 қызметкер мен 1 техника оқиға орнына барды. Өрт 02.07-де оқшауланып, 02.08-де толық сөндірілді. Өрттің шығуына электр сымның қысқаша тұйықталуы себеп болуы мүмкін. Шығын мөлшері анықталуда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.