Қарағандылық құтқарушылар екі балықшы мен шопанды құтқарды
Қарағандылық құтқарушылар  екі балықшы мен шопанды құтқарды
305
оқылды
Қарағандылық құтқарушылар 1 қаңтарға қараған түні Балқаш көлінен 26 шақырым жерде көлігі бұзылып қалған екі балықшыны құтқарды. 1 қаңтарда сағат 01.30-да Балқаш көлінде Қарағанды ​​облысы Төтенше жағдайлар департаментінің күштері Тораңғылық ауылынан оңтүстік бағытта көлікпен шығып, қайта оралмаған 2 балықшыны іздеуге кірісті.
"Сағат 03.30-да құтқарушылар балықшыларды сынған көлікпен жағалаудан 26 шақырым жерде тапты. Сағат 05.55-те ер адамдар жағаға шығарылды, оларға медициналық көмек қажет болмады", - делінген Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті таратқан хабарламада.
Департамент өкілі ауа райы нашарлаған кезде, әсіресе түнде ұзақ қашықтыққа сапарға шықпауға шақырды. Сондай-ақ жолға шықпас бұрын көліктің техникалық жарамдылығын тексеріп, ауа райы болжамы мен дауылды ескертулер туралы ақпаратты қадағалау қажет екенін ескертті.