Екібастұзда екі әлеуметтік нысан уақытша жылусыз қалады
Екібастұзда екі әлеуметтік нысан уақытша жылусыз қалады
496
оқылды
Екі әлеуметтік нысан уақытша жылумен жабдықтаудан ажыратылады. «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС ақпараты бойынша, 15 қаңтар күні сағат 10:00-ден 13:00-ге дейін ТК-4Л-ден Мәшһүр Жүсіп көшесі, 124 үйге қарай орамішілік жылу желісін ажыратады.
– «Бұл жылу желісінде кран орнатылады. Осыған байланысты 20 көпқабатты және 106 жеке тұрғын үйде жылумен жабдықтау болмайды, сондай-ақ 14 заңды тұлға мен екі әлеуметтік нысанда жылу өшіріледі» делінген компания хабарламасында.
Компания жылуды қосу уақыты шамамен көрсетілгенін айтады.