Алтынбек Қоразбаев маған ғашық болған – Мақпал Жүнісова
Алтынбек Қоразбаев маған ғашық болған – Мақпал Жүнісова
7,550
оқылды
Халық әртісі бұл құпияны композитордың 75 жылдық шығармашылық кешінде бүкіл елге баяндап берген, – деп хабарлайды Экспресс К. Мақпалдың айтуынша, Алтынбек Қоразбаев оған кезінде сезімін білдіріп, тіпті "Мәңгілік махаббатым" деп аталатын әнді арнапты. Дәл сол туындыны Жүнісова қазір өзі орындап жүр.
"Ертеректе, 20 жас кезімізде осы әнді маған Алтынбек ағам ұсынған еді. "Мен саған ғашықпын" деп сол кезде айтатын. Бірақ жеңгемізден қорықты ма, жақындай алған жоқ. Сырттай ғашықпын деп жүретін. Сол кезде "Мәңгілік махаббатым" деген әнді саған арнадым" деп алып келгені есімде. Қазір жеңгеміз қызғанбайтын шығар деп ойлаймын. Мен 60-қа келдім, ол кісі 75-ке келді дегендей...", – деді Мақпал Жүнісова.
Айта кетейік, Экспресс К бұған дейін Алтынбек Қоразбаевтың дәл осы 75 жылдық кешінде Асанәлі Әшімовтің мерейтой иесіне ескі шапанын сыйға тартқаны туралы жазған еді.