Бүгінде өңірлік ЖОО-да мү­гедектігі бар 60 студент оқи­ды
«Өз құқығыңды біл»
1,593
оқылды

Солтүстік Қазақстан об­лы­сында осындай атаумен уни­вер­ситеттің инклюзивті білім беру орталығында ерек­ше білім беру қажет­тіліктері бар студенттермен ақпараттық кездесу өтті.

Бүгінде өңірлік ЖОО-да мү­гедектігі бар 60 студент оқи­ды, олардың әрқайсысында белгілі бір проблемалар бар. Инклюзивті білім беру орта­лығы жастармен үнемі кері бай­ланыс орнатып, ақ­­па­раттық қолдау көрсете оты­рып, осы мәселелерді шешуге кө­мек­теседі.

Азаматтардың осы санаты үшін өз құқықтарын білу және оларды өмірде пайдалану өте маңызды, әсіресе жастарға қа­тысты. Орталық басшысы Ақжан Кәрім қатысушыларға ЖОО қабырғасында жүргізіліп жатқан жұмыстар, сондай-ақ Ten Qogam әлеуметтік бейімдеу орталығы­ның қызметі туралы айтып берді. Ол жоғары оқу орнында инк­лю­зивті орта құра отырып, біз мүге­дектігі бар адамдар үшін өзімізді өмірде жүзеге асыруға мүмкін­діктер ашатынымызға сенімді.

Кездесуге «AMANAT» пар­тиясынан Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депу­таты Владимир Эрман және «Үміт» спорт клубының өкілі Руслан Далабаев қатысты. Олар білім алушыларды спорт клу­бына іріктеудің ашылғаны туралы ха­бардар етті. Бейресми жағдайда өткен кездесуде сту­денттер ұйым­­­дастырушылар мен қонақ­тарға сұрақтар қойып, жауаптар алды.

Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ