Талдықорған қалалық білім бөлімінің бас есеп­шісі ірі көлемдегі ақшамен ұсталды. 48 жастағы әйел қомақты қаржыны алып қашпақ болған жерінен қолына кісен салынды.
Бұл не деген батпанқұйрық?
929
оқылды

Тінту кезінде оның үйінен 1 миллиард теңгеге жуық ақша табылды, оның басым бөлігі шетел валютасымен сақталған. Сонымен қатар одан құжаттар мен жылжымайтын мүліктің кілттері тәркіленді. Оның ішінде 14 пәтер, 7 коммер­ция­лық үй, 2020 жылғы Toyota Land Cruiser жол талғамайтын көлігі және зергерлік бұйымдар бар.

Облыстық сыбайлас жем­қо­рлыққа қарсы қызмет бұл деректі растады. Жедел-іздес­тіру іс-шаралары барысында Талдықорғандағы білім бөлімі қызметкерлерінің мемлекеттік бюджет қаражатын ұрлауы бір­неше жыл бойы тұрақты жал­ғас­қаны анықталды. Мемлекет қаржысы осы салада жұмыс іс­те­мейтін азаматтарға әзірлен­ген схема бойынша аударылып отырған. Әзірге белгілісі,  қыл­мыскерлер ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жалғасуда.