Партия мүшелері барлық жерге тексеру жүргізуде: пандустардың бар-жоғы, олардың көлбеу бұрышы, ені, кіреберіс есіктердің стандарттарға сәйкестігі, Брайль қаріптерінің болуы және тағы басқа басты талап болды. Мониторинг мемлекеттік органдарда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, сауда орындарында, мәдениет объектілерінде және басқа жерлерде жүргізілуде. Мысалы, аймақтың кейбір ұйымдарында кіреберіс есіктер мен пандустарды өлшеу кезінде бірқатар қолайсыздық анықталды. Анықталған заңбұзушылық фактілері тиісті мемлекеттік органдарға жолданды.
Мониторинг топтарының құрамында партиялық бақылау комиссияларының мүшелері, «AMANAT» партиясы филиалдарының басшылығы, құрылыс, сәулет және қала құрылысы, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бөлімдерінің өкілдері бар. Мониторингтің мақсаты – ерекше қажеттіліктері бар адамдардың өмір сүру сапасын арттыру және халықтың мобильділігі төмен топтары үшін кедергісіз орта құру.
Нұрлан ОРАЗҒАЛИЕВ