Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевты қабылдады.
Алматының әлеуметтік дамуы баяндалды
856
оқылды

Мемлекет басшысына Ал­маты қаласының биылғы I тоқ­сандағы әлеуметтік-экономи­калық даму қорытындысы жө­­нінде баяндалды. Осы кезең­де қысқамерзімді экономика­лық индикатор іскерлік бел­сен­ділік есебінен 23,9 пайызға дейін үдеді. Ал іскерлік белсен­ділік көрсеткіші 57,9 пайызға дейін өсіп, өңірлер арасында бірінші орынға шықты.

Президентке экономиканы одан әрі әртараптандыру жө­ніндегі шаралар туралы есеп берілді. Биыл шағын және орта бизнестің 3 мың жобасына 43 мил­лиард теңге көлемінде қол­дау көрсету жоспарланған. Фак­торингтік келісімдерді қар­жы­ландыру үшін қосымша 

4 миллиард теңге бөлінді. Өңдеу өнеркәсібіндегі өсімді қамтамасыз ету үшін 5 шағын өнеркәсіп паркі ашылды.

Сонымен қатар Мемлекет басшысына «Алматы қаласын дамытудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы мен 2030 жылға дейінгі ортамерзімді перспекти­валары» аясында іске асырылып жатқан Алматының көлік жү­йе­сін қалыптастыру барысы туралы мәлімет берілді. Биыл қа­лада қоғамдық көліктің эко­логияға зиянды әсерін азайту туралы Президент тапсырма­сын орындауға баса мән бе­ріледі. Газбен жүретін 600 жаңа автобус және 100 троллейбус сатып алу үшін 66 миллиард теңгеден астам қаражат бөлу жоспарланып отыр. Сондай-ақ жеке тасымалдаушылар 650 жаңа автобус пен 31 электробус сатып алады.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаевқа жол инфрақұрылы­мын жаңғырту сапасын жақ­сарту жоспары таныстырылды.

Кездесу барысында өкі­леттіктерді орталықсыздандыру жөніндегі Мемлекет басшысы­ның тапсырмасын орындау мә­селесіне де ерекше назар ау­дарылды. 1 сәуірден бастап қа­лалық әкімдіктің 15 функ­циясы аудандық әкімдіктерге беріліп, олардың бюджеті 2,7 есе, яғни 161,6 миллиард тең­геге дейін ұлғайтылды.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев инвестиция тарту және әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары ба­ға­сының тұрақтылығын қамта­масыз ету шараларын қабылдау жөнінде бірқатар нақты тап­сырма берді.