Сондықтан 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы ресми хабарлады.
Сол күні облыс прокуратурасының нұсқауы бойынша Ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті, Полиция департаменті, Экономикалық тергеу департаменті, облыстың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қызметкерлерінен ведомствоаралық жедел тергеу тобы құрылды. Процестік прокурорлар тағайындалды.
Тергеу барысында Петропавл қаласында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында «Халық кеңесі» тобына қатысушылар облыс орталығының 20 азаматынан тұратын топтың жиналысы өткені, олар өздерін Кеңес Социалистік Республикалар Одағының ізбасарлары деп көзқарасын білдіргені белгілі болды.
Жиналыс барысында олар Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл қаласының Халық кеңесін құру туралы тілектерін білдірген.
«Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының Халық кеңесі декларациясын» қабылдаған.
Онда олар Қазақстанның мемлекет құру заңдылығын және легитивтігін мойындамаған. Оның Конституциялық құрылысын бұзуға қол сұға отыра оның тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр.
Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында іс үшін мәні бар көптеген тергеу жүргізілді, оның ішінде әртүрлі сараптамалық зерттеулер тағайындалды.
Саясаттанушы мен басқа да мамандардың қатысуымен комиссиялық сот психологиялық-филологиялық сараптаманың қорытындыларына сәйкес, сепаратизм белгілері анықталған.
Қылмыстық істің жиналған материалдары негізінде «Халықтық кеңестің» үш мүшесінің әрекеті Қылмыстық кодекстің 180-бабы 2-бөлігі бойынша Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде бұқаралық ақпарат құралдарын және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату және Қылмыстық кодекстің 179-бабы бойынша мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеу бойынша сарапталған.
Аталған тұлғалар Қылмыстық-процестік кодекстің 128-бабы тәртібінде ұсталды және уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған баптың санкциясымен он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын айыру түрінде баламасыз жазалау қарастырылған.