Оқиғаның мән-жайын полиция анықтап жатыр.
Тәрбиешілер интернатта ақыл-есі кем оқушылардың төбелесін тамашалаған
2,557
оқылды

Павлодар облысында арнайы мектеп-интернатының тәрбиешілері ақыл-есінің кемістігі бар оқушыларды төбелестіріп қойып, қызықтап отырған. Келеңсіздік ата-ана шағымынан соң әшкереленді. Бұл туралы Aikyn.kz сайты КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видео әлеуметтік желіде тараған. Жергілікті тұрғынның сөзінше, интернат тәрбиешілері тәртіпке бағынбаған оқушыларды ересектеріне ұрғызған. Ол жайында жәбір көрген қыз анасына айтып беріпті. 

Ал монитор арқылы қыздардың жаға жыртысқанын тамашалап мәз болғандардың арасында мекеме басшысы да бар көрінеді. Бірақ білім басқармасы бұл деректі теріске шығарды. Тіпті оқушылардың не үшін ұрысқанын да түсіндіре алмады. Қазір бұл істің ақ-қарасын полиция анықтап жатыр. 

«Білім басқармасы қызметтік тексеріс жүргізіп жатыр. Мектеп интернаты мен тәрбиешісі тәртіптік жазаға тартылды. Тереңкөл ауданының полиция бөлімінде бұл дерек тіркелді», – дейді Павлодар облысы білім басқармасының бас маманы Жібек Айтмұханбетова.

Бұған дейін лагерьге келіп, көз жұмған бала туралы жазған болатынбыз.