Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөнінде жиын өтті. Үкімет басшысының орынбасары Алтай Көлгінов баяндама жасады.
Көлгіновтың айтуынша, Қазақстанда 270 мың адамға білім ошағы тапшы. Үш ауысымды мектептер саны – 143, апатты мектептер – 52, 300-ден астам саман және ағаштан жасалған білім мекемесі бар.
«Маңғыстау, Атырау, Қызылорда, Түркістан және Алматы облыстарындағы білім сапасы республикалық көрсеткіштен әлдеқайда төмен», – деді Премьер-министрдің орынбасары Алтай Көлгінов.