Елдің батыс, солтүстік-батысы мен шеткі шығысында атмосфералық фронт әсерінен қар немесе жаңбыр жаууы ықтимал.
Батыста, оңтүстік пен шығыста жел күшейеді. Елдің басым бөлігінде тұман түседі. Оңтүстік мен оңтүстік-батыста шаңды дауыл тұрса, солтүстік-батыста күндіз найзағай ойнауы мүмкін.
Жетісу облысы аумағының басым бөлігінде түнде 2-7 градусқа дейін аяз болуы ықтимал. Жамбыл облысының таулы аймақтарында, сондай-ақ Түркістан облысының солтүстігі мен таулы жерлерінде ауа температурасы 1-3 градусқа дейін төмендейді.
Алматы облысының солтүстігі мен батысында, Қызылорда облысының солтүстігінде топырақ бетіндегі температура 2-3 градусқа дейін суиды.