Полиция генерал-майоры Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.
ҰҚК: Серік Күдебаев Қазақстан шекарасын таудың ішімен кесіп өтуі мүмкін
2,772
оқылды

Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов Серік Күдебаевтың Қазақстан шекарасын қалай кесіп өткені туралы болжам айтты. Бұл туралы Aikyn.kz «ҚазАқпаратқа» сілтеме жасап хабарлайды..

Шекара қызметі басшысының болжамынша, Серік Күдебаев Қазақстан шекарасын тау арқылы кесіп өтіп, шетелге қашуы мүмкін. 

«Таумен шетел асып кеткен деген тұспал бар. Өзі туған жердегі елді мекеннен алыс емес маңда, тау ішінде оның шаруа қожалығы бар. Жол көрсететін жақсы серіктері болған да шығар. Біз тау арқылы шекарадан шығып кеткен деген нұсқаны қарастырып отырмыз», – деді Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов.

Бұған дейін Күдебаев сот отырысына келмей, шетелге қашып кеткені туралы жазған болатынбыз. Сондай-ақ қыруар қаржы жымқырды деген күдікке ілінген Арыстанбек Мұхамедиұлы қар жауған күні соттың ғимаратына жете алмағаны туралы хабарлаған едік.