Мәжіліс Спикері Ерлан Қошановтың төра­ға­­лығымен Мәжіліс бюросы өтіп, алдағы жал­­пы отырыстың күн тәртібі анықталды.
Отырыстың күн тәртібі анықталды
826
оқылды

Депутаттарға бірқатар ратификациялық заң жобаларын талқылау ұсынылады. Соның бірі – «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде кре­диттік тарихтың құрамына кіретін мәліметтер алмасу тәртібі туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы. 

Келісім басқа мүше мемлекеттердің аумақ­та­рын­дағы банктерге кредиттік ресурстар үшін жүгінген кезде ЕАЭО-ға мүше барлық мемлекеттің резидент­тері үшін тең жағдайлар жасауға және екінші жағынан банктер үшін басқа мүше мемле­кеттердің резиденттерін кредиттеу туралы шешімдер қабылдау кезінде тәуекелдерді сапалы бағалау мүм­кіндігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бұл ЕАЭО шеңберінде трансшекаралық кредиттеуді дамытуға ықпал етеді. 

Бюро отырысында депутаттарға «Орталық Азия өңірлік экономикалық ынтымақтастығы институтын құру туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобасы ұсынылды. Ол жобаларды жүзеге асыруға, мүше мемлекеттердің өңірлік ынтымақтастық про­цестеріне қатысуын кеңейтуге және олардың әле­уетін жақсартуға бағытталған Орталық Азия өңірлік эко­номикалық ынтымақтастығы инсти­туты­ның то­лыққанды мүшесі болу арқылы жеңілдетілген эко­номикалық өсуге қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Сонымен қатар депутаттар алдағы жалпы оты­рыста мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы заң жобасын қарайтын болады.