19 наурыздағы «Халық кеңесінің» жи­налысы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Осыдан кейін 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бо­йын­ша департаменті сепаратизм фактісі бо­йынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бас­тады.
«Халық кеңесінің» үш мүшесі ұсталды
436
оқылды

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы биыл 18 сәуірде Қылмыстық кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша («Қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу») және 180-бабы 2-бөлігі бойынша («Қазақстан Рес­публикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыра­туды насихаттау немесе оған жария түрде БАҚ және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату») қарастырылған қылмыстық құқықбұзу­шы­лық жасағаны үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Халық кеңесінің» үш мүшесі ұсталғанын хабарлаған.

2023 жылғы 20 сәуірде Петропавл қаласының ма­мандандырылған тергеу соты барлық үш фигурант­қа қатысты мерзімі 2 айға «Қамауда ұстау түрінде» бұл­тартпау шарасын санкциялады.