«Дені сау ұлт» әрбір азамат үшін сапалы және қолжетімді денсаулық сақтау» ұлттық жобасы Қызылорда облысында денсаулық сақтау саласын дамытуға тың серпін беріп келеді. Жоба аясында ауқымды жұмыстар атқарылып, негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің оң динамикасы қалыптасты.
Сырда емдеу орындарының саны артты
945
оқылды

Қызылорда облыстық денсау­лық сақтау басқармасының мә­ліметіне сүйенсек, аталмыш жоба аясында өткен жылы 98 миллиард 35 миллион теңге қаржы қарас­ты­рылған. Соның негізінде тегін ме­дициналық көмектің кепілдік берілген көлеміне 52 миллиард 491 миллион теңге, міндетті меди­ци­налық әлеуметтік сақтандыруға 36 миллиард 769 миллион теңге және денсаулық сақтау басқармасы ар­қылы өзге де шығындарға 8 мил­лиард 774 миллион теңге игерілген. 

Саланы өркендетуге бағыт­талған ұлттық жоба аясында биыл да атқарылатын жұмыстардың ауқымы кең. Бұл тұрғыда 2023 жылға 102 миллиард 810 миллион теңгені игеру жоспарланып отыр. Оның ішінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген кө­ле­міне 54 миллиард 124 миллион теңге қаралса, міндетті меди­циналық әлеуметтік сақтандыруға 37 миллиард 269 миллион теңге және денсаулық сақтау басқармасы арқылы өзге де шығындарға 11 миллиард 416 миллион теңге игеру жоспарланған.

Өткен жыл шеңберінде жоба аясында орталық қалалық емхана пайдалануға берілді. Осы арқылы тұрғындарға бастапқы меди­ци­налық көмек аясын кеңейту және қолжетімділікті арттыруға мүм­кін­дік жасалды. Нәтижесінде, емдеу орнына 33 мың 815 адам тіркеліп, емханалардың жүктемесі азайды. Денсаулық сақтау жүйесі норма­тивке сәйкестендірілді. 

Сонымен қатар Қазалы ауда­ны­ның Әйтеке би кентінде 250 ке­лушіге арналған аудандық ем­хана ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген. Республикалық бюджет есебінен жалпы құны 2,3 млрд теңгені бой көтерген емхана 80 мыңнан аса тұрғынға бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуге негізделген. Бұған қоса «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде жалпы құны 140 миллион теңгені құрайтын Жалағаш ауданы Таң ауылында дәрігерлік амбулатория қолданысқа берілді.

Басқарманың мәлімдеуінше, бүгінде «Ауылдық денсаулық сақ­тауды жаңғырту» пилоттық Ұлттық жобасына ауылдық инфра­құ­ры­лымды дамыту мақсатында жалпы құны 9 миллиард 754 миллион теңгені құрайтын 27 нысанның құрылысы енгізіліп отыр. Одан бөлек, жалпы құны 6 миллиард 532 миллион теңгені құрайтын 15 дә­рігерлік амбулатория және 1 меди­циналық бекет құрылысының жо­балық-сметалық құжаттамасы әзір­леніп, сараптама қорытын­ды­сы алынған. Аталған нысандардың құрылысын 2023 жылы іске асыру жоспарланып отыр.

Сол сияқты облысқа қарасты бірқатар аудан орталықтары мен елді мекендерден 9 дәрігерлік амбу­латория мен 2 фельдшерлік-аку­шерлік бекет құрылысының жо­балық-сметалық құжаттамасы әзірленіп жатыр. Сонымен қатар Арал, Қазалы аудандарында 25 тө­сектік, Шиелі ауданында 30 төсек­тік жұқпалы аурулар бөлімі құ­рылысының жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленіп, сараптама қорытындысын алу 2023 жылға жоспарланып отыр екен. 

Емдеу орындарының мате­риал­дық-техникалық базасын ны­ғайту жұмысы да назардан тыс емес. Бұл тұрғыда 2022 жылға ме­дициналық бұйымдар сатып алуға республикалық бюджеттен 1,5 млрд теңге қаржы бөлініпті. Оған медициналық ұйымдарға қажетті 179 дана құрал-жабдық сатып алы­нып, жабдықтау деңгейі 77 пайыз­дан 83,4 пайызға көтерілген.

Жалпы жоба аясында бірқатар медицина ұйымының материал­дық-техникалық базалары жаңар­тылған. Атап айтқанда, Арал және Қазалы ауданына қарасты шалғай елді мекендерде 2 медициналық бекет ел игілігіне берілсе, жергі­лікті бюджет есебінен қаралған 71,2 млн теңгеге апаттық жағ­дай­дағы Сырдария ауданы, Шіркейлі ауылындағы дәрігерлік амбула­то­рия ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліпті. Ал Қызылорда қаласы­ның сол жағалауында 5-10 мың донациялық облыстық қан орта­лығының құрылысын бастауға 250 млн теңге қаржы қаралып отыр. Бұл орталықтың құрылысын са­палы аяқтап, ел игілігіне беру жос­парланған.

Негізінен қолжетімді және са­палы медициналық көмек көр­сетуге бағытталған ұлттық жоба аясында алдағы уақыт еншісінде атқарылатын жұмыстар ауқым­дылығымен қуантады. Осы ар­қылы кез-келген адамның дәрігер көмегін кедергісіз алуға мүмкіндігі арта түспек. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы