Президент Ұлттық банк төрағасы Ғалымжан Пірматовты қабылдады.
Қаржы секторындағы ахуалды баяндады
984
оқылды

Мемлекет басшысына Ұлттық банктің осы жылдың бірінші тоқсанындағы ақша-кредит саясатын іске асыру қорытындысы туралы есеп берілді.

Президентке Қазақстанның экономикасы мен қаржы секторындағы ахуал, іскерлік белсен­діліктің жақсаруы, депозит нарығының дина­микасы, сондай-ақ БЖЗҚ-ның, Ұлттық қордың активтері мен алтын-валюта резервтерінің жағдайы туралы баяндалды.

Ғалымжан Пірматов ай сайынғы және база­лық инфляцияның төмендегенін және реттеу­шінің бұған дейін жасаған болжамдарына сәйкес келіп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар ин­фляция деңгейі әлі де жоғары күйінде қалып отыр. Бұл қазіргі ақша-кредит  шарттарын сақтауды қажет етеді.

Мемлекет басшысына жедел төлемдер жүйе­сінің дамуы және цифрлық теңгені енгізуге дайындық барысы туралы мәлімет берілді.

Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев ақша-кредит саясатын тиімді жүзеге асыруға бағытталған бірқатар тапсырма берді.