Елімізде лотерея нарығы жыл санап өсіп келеді әрі ашық бола түсуде.
«Сәтті Жұлдыз» «Қазақстан халқына» қорына 1 миллиард теңге аударды
852
оқылды

Ең заманауи әлемдік стандарттар бойынша жұмыс істейтін «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы әлеуметтік салаға да көп көңіл бөліп отыр. Мәселен, жыл басынан бері қайырымдылық мақсатында ол «Қазақстан халқына» қорына 1 миллиард теңге аударған.

«Сәтті Жұлдыз» Ұлттық лотереясы – халыққа жоғары жүлде қоры және қомақты ақшалай төлемдерімен таныс халықаралық деңгейдегі компания. Мұнда лотерея өнімдерін ұйымдастыру ашықтық пен жауапкершілік принципіне негізделген. Жоғары стандарттарға сәйкес, ұтыс ойындарын заңды түрде ұйымдастыру қамтамасыз етіледі. Қатысушыларға тізімі жыл кеңейіп келе жатқан заманауи лотерея өнімдерін таңдау ұсынылады. Алты жылдық тарихында ол жауапты ойын тәжірибесімен қатар, заманауи технологияға сай лотереяға қатысарда қауіпсіздік сақтау үлгісін қалыптастырып, қоғамға үлкен пайда әкеліп отыр.

«ҚР «Лотерея және лотерея қызметі туралы» заңына сәйкес Ұлттық лотерея кірістер мен жүлде қорының сомасы арасындағы айырманың 10 пайызын Sport qory дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі бірыңғай оператор есебіне аударуға міндетті. Осы күнге дейін дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс қаражатты бөлу жөніндегі бірыңғай оператордың есебіне барлығы 7,1 млрд теңге төленді.

Сондай-ақ биылдан бастап осы заңға сай Ұлттық лотерея «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына кірісі мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде 10 пайызын аударып отыруы тиіс. Бұл ретте, бұл заң күшіне енгенге дейін ұлттық лотерея ерікті негізде аталған қорға 101 млн теңге аударып үлгергенін атап өткен жөн. Ал биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша «Сәтті Жұлдыз» Ұлттық лотереясы «Қазақстан халқына» әлеуметтік қорына 1 млрд теңге аударды», – дейді «Сәтті Жұлдыз» Ұлттық лотореясының PR-менеджері Шынболат Пазыл.

Сонымен қатар компания осыған дейін іске асыра бастаған жобаларды қолдауды да жалғастырып отыр. Оған қоса, жаңа әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыра бастауды жоспарлауда. Бұл жобалар:

•  Аз қамтылған және көпбалалы отбасыдан шыққан түлектерге білім грантын беру; 

•  Мемлекеттік тілді қолдау және дамыту; 

•  Эстетикалық топтық гимнастика; 

•  «100 ауыл» жобасы; 

•  Қоғам қайраткері Жан Ақжановтың фотокөрмесі; 

•  Зағип балаларды балабақшаға қосу моделін дамытуға бағытталған «Дара» қорының «Түрлі түсті әлем: уақытылы жетілу» арнайы жобасын қолдау;

•  «Халық» қорымен бірлесіп, әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерді тарату; 

•  «Жекпе-жек өнері» қауымдастығын қолдау; 

•  «Бақытты отбасы» жобасы; 

•  Batyrs Battle’s; 

•  Qazaqstan Barysy спорттық іс-шарасы; 

•  Qazaqsha kures спорттық іс-шарасы;

2016 жылғы 9 сәуірде қабылданған ҚР «Лотерея және лотерея қызметі туралы» №495-V заңына сәйкес, сондай-ақ Үкіметтің 2017 жылғы 10 ақпандағы №48 Қаулысы бойынша компания Қазақстан Республикасындағы Ұлттық лотерея болып бекітілген болатын. Сонымен қатар «Сәтті Жұлдыз» ұлттық лотереясы – Дүниежүзілік (WLA) және Еуропалық лотерея қауымдастығының (ELA) мүшесі әрі жыл сайын PriceWaterhouseCoopers аудитінен өтіп, ResponsibleGaming сертификатын растап отыр.

Нұрлан ҚОСАЙ