Аталған конференцияға Ұлттық ғылым академиясының көрнекті ғалымдары мен университеттің профессор-оқытушылары қатысты.
Конференцияны кіріспе сөзбен ашқан Абай университетінің Басқарма Төрағасы-ректоры, философия докторы Дархан Біләлов орталықтың ашылу өзектілігіне тоқталып, оның басты мақсаты – алдағы уақытта еліміздің жоғары оқу орындарындағы оннан астам Диссертациялық кеңестердің тіл ғылымы зерттеулерін үйлестіруші ретінде ғылымды дамытудың басым бағыттарын айқындап, тіл ғылымы бойынша орындалатын докторлық диссертациялық жұмыстардың өзекті мәселелерге арналуын және тақырыптардың қайталанбауын қадағалауды үйлестіретін консультативтік-кеңесші рөлін атқаратын айтты.
Ал осы ғылыми орталықтың жұмысына ҰҒА-ның академигі, филология ғылымдарының докторы Кәрімбек Құрманәлиев басшылық етеді. Еліміздің университеттері мен Ұлттық ғылым академиясының арасындағы тығыз ынтымақтастық – жас ғалымдар зерттеулерінің жоғары деңгейде жүргізілуіне ықпал ете-тін болады.
Конференцияда сөз алған ғалымдар мен қонақтар орталық жұмысына сәттілік тілеп, игі бастама туған тіліміздің шынайы жанашыры бола алатын жас ғалымдар легін көптеп даярлап, қанатын қатайтатындығына сенімді екендерін тілге тиек етті.