Полиция сәбиді тастап кеткен адамды іздестіріп жатыр.
Оралда қоқыстан жаңа туған нәресте табылды
1,499
оқылды

Кеше сағат 11.31 шамасында 102-ге Надежда көшесінде орналасқан 66-үйдің жанындағы қоқыс жәшігінен целлофан пакетке оралған жаңа туған сәби табылғаны туралы хабарлама түскен. Бұл туралы Aikyn.kz Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қалалық көпсалалы ауруханаға шұғыл жеткізілген сәбидің ер бала екені белгілі болды.

Аталған факт Қылмыстық кодекстің  119-бабы 1-бөлігі бойынша СДТБТ-ға тіркелді. Тергеу басталды. 

Бұған дейін Ертіс өзенінің жағалауынан 7 жасар баланың мәйіті табылғанын хабарлаған болатынбыз.