Баланың туған кездегі бойы 63 сантиметр болған.
Түркістан облысында алып сәби дүниеге келді
1,426
оқылды

Шымкенттегі перинаталдық орталықта салмағы 6 келі 50 грамм бала дүниеге келді, – деп хабарлайды Otyrar.kz.

Баланың туған кездегі бойы 63 сантиметр болған. Анасына кесар тілігі арқылы ота жасалған.

Дәрігерлердің айтуынша, бұл – оның екінші баласы. Операция сәтті өткен, бала мен ананың жағдайы жақсы. 

"Перинаталдық орталығымызда күн сайын 30-дан астам сәби дүниеге келеді. 2023 жылғы 3 ақпанда бізге жүктіліктің 39-аптасындағы әйел түсті. Тексере келе іштегі нәрестенің өте үлкен екенін анықтадық. Содан кеңесіп, кесар тілігі арқылы босандыру керек деп шештік. Операция сәтті аяқталды. Содан кейін ана мен бала 5 күн бойы біздің бақылауымызда болды, содан кейін шығарылды",– деп хабарлайды акушер-гинеколог Данияр Жарқынов.