Кездесуде ректор Штеффен Тайхерт ынтымақтастық үшін оқу орны басшылығына алғыс айтты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Фридрих Шиллер университеті келісімге қол қойды
1,013
оқылды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мен Фридрих Шиллер атындағы Йена университетінің спорт ғылымдары институты спорт экономикасы және менеджменті бойынша жазғы мектеп өткізу туралы келісімге қол қойды.  

ҚазҰУ Германияның жетекші жоғары оқу орындары, институттары және ұйымдарымен ынтымақтастық туралы 21 келісімге қол қойған. Оның аясында түрлі білім беру бағдарламалары мен ғылыми-инновациялық жобалар табысты іске асып жатыр.  

 

«Оқытушы-профессорлық құрам мен білім алушылар академиялық ұтқырлық шеңберінде және 2022/23 оқу жылында «Эрасмус+» бағдарламасы бойынша 5 бакалавриат студенті, 13 магистрант, 16 докторант Германия университеттерінде болып, түрлі конференциялар мен ғылыми-зерттеу тағылымдамаға қатысты. География және табиғатты пайдалану, механика-математика, медицина және денсаулық сақтау факультеттерінің базасында бірқатар бірлескен халықаралық ғылыми-білім беру жобалары іске асты», – делінген ҚазҰУ-дың баспасөз қызметі тартқан хабарламада.

Кездесуде Фридрих Шиллер атындағы Йена университетінің ректоры Штеффен Тайхерт ынтымақтастықты нығайтуға қызығушылық танытқаны үшін қазақстандық  университет басшылығына алғыс айтты.

Нұрболат АДЫРБЕК, Алматы