Жер емген қай шаруа болмасын бірінші кезекте арнайы техника мен құрал-жабдықтарды қажет ететіні сөзсіз. Өйткені жұмыс сонымен өнімді, өнім сонымен сапалы.
«ҚазАгроҚаржы»: Табыс кілті – техника!
810
оқылды

Бүгінде агросекторға арналған заманауи озық техника мен технологияның түр-түрі бар. Десе де, қымбаттығына байланысты оған кез келген шаруаның қолы жете бермейді. Мұн­дайда оларға мемлекет көмекке келеді. Олар қар­жылық қолдаудың түрлі тетігін ұсынады. Сон­дай меха­низм­нің бірі – «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамы.

Бұл қаржы ұйымын 1999 жылы құрудағы негізгі мақсат агросектордағы техникалық паркті жаңарту болатын. Енді осы 23 жыл та­­­рихында қалыптасу, даму кезеңдерінен өт­кен «ҚазАгроҚаржы» АҚ бүгінде агро­өнеркәсіп кешенінің лизинг нарығындағы көшбасшыға айналып отыр. Ауыл ша­руа­шылығы саласына 1270,8 млрд теңге инвес­тиция құйған қаржы ұйымы осы уақытқа дейін шаруаларға 70,6 мың бірлік техниканы лизингке алып берген екен. Қазір оның 11 271 белсенді қарыз алушысы бар. Сондай тұрақты серіктестерінің бірі – «Нежинка-Ерке» ЖШС.

«Біздің негізгі қызметіміз – егін ша­руашылығы. Қарамағымызда 28 232 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жеріміз бар, оның 21 485 гектары егістік жер. Ең басты егетін дақылдарымыз – бидай, арпа, зығыр, сұлы, қарақұмық. Жылына орташа алғанда бір гектардан 16 центнер астық алып отырмыз. Одан бөлек, малға азық үшін бір­жылдық және көпжылдық шөптерді өсі­реміз. Оны өз қажеттіліктерімізге пайда­ланамыз, артылғанын халыққа сатамыз. Егіннен бөлек, мал шаруашылығымыз бар, сүт бағытындағы 1 700-ден астам қара ала сиыр малын ұстап отырмыз. Ет бағытын да қолға алмақпыз. Мұның барлығы, шынын айтқанда, «ҚазАгроҚаржы» компания­сы­ның арқасында мүмкін болып отыр. Со­лардың арқасында техникалар, құрал-жаб­дықтар, егін егу кешендерін алдық. Қазір 30-ға жуық «Вектор», «Акросс» сынды тағы да басқа комбайндарымыз бар. Қуаты мық­ты тракторларымыз бар. Басым бөлігі – шетелдік марка. Осылайша, техникалық паркіміз толықтай жаңарды. Бұл ретте ола­рдың 80%-ын мемлекеттік қолдаудың ар­қасында алдық деп батыл айта аламын», – дейді «Нежинка-Ерке» ЖШС директо­ры­ның орынбасары Қуат Батықов.

Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мү­сірепов ауданы Нежинка кентінде орналас­қан шаруа қожалығы 2004 жылы құрылған. «ҚазАгроҚаржы» АҚ оны құрылған күнінен бастап қаржыландырып келеді екен. 

«Қаржы ұйымына ризамын. Менед­жерлері жедел жұмыс істейді. Өтінімдерді тез қарайды. Шындығын айтқанда, біздің ау­дандағы шаруаларға үлкен қолдау көрсетіп отыр. Біріншіден, бұл компанияның пайыз­дық мөлшерлемелеріне субсидия алатын болсақ, екіншіден, одан бөлек, 25%-ға дейін, кейбір позициялар бойынша 50%-ға дейін инвестсубсидия аламыз. Мәселен, алдыңғы жылы мал азығын жинайтын ком­­байндар, химиялық заттарды, бүрік­кіштер алдық. Сол кезде 50% қаржымызды кейін қайтып берді. Бұл – өте тиімді мем­лекеттік қолдау. Айта­лық, мал азығын жинайтын комбайн 200 млн теңге тұрады десек, субсидиялауға жататын бағдарлама арқылы біз оны 100 млн-ға аламыз деген сөз. Бізге 100 млн ақшамызды қайтарып береді. Әйтсе де, 50%-дық мөлшерлемелердің қолда­ны­латын жері көп емес. Негізінен, 25%-дық қолдау бар, ал егер техникалар отандық болса 30-35%. Мысалы, лизинг ал­сақ, соның па­йыздық мөлшерлемесі субсидияланып, бізге 6% болып келеді. «ҚазАгроҚаржы» АҚ-мен ұзақ жылдардан бері жұмыс істеп келеміз. Жемісті әріптестік үшін зор ал­ғы­сымды білдіргім келеді. Барлық шаруа­лар­ды қорық­пай лизинг алуға шақырамын», – дейді «Нежинка-Ерке» ЖШС директоры­ның орынбасары Қуат Батықов.

«ҚазАгроҚаржы» компаниясы был­тыр­ғы шілдеден бастап «Аграрлық несие кор­порациясы» АҚ-ның еншілес ұйымына ай­налған болатын. Ал «Аграрлық несие кор­порациясының» жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі екені белгілі. Бүгінде «ҚазАгроҚаржы» ком­паниясы жоғары сапалы және бәсекеге қа­білетті лизингтік қызметтерді көрсету ар­қылы еліміздің ауыл шаруашылығын тех­ни­калық жарақтандыруға жәрдемдесу миссиясын жоғары деңгейде атқарып отыр. Қаржы ұйымының Қазақстанның барлық аймағында 15 филиалы жұмыс істеп тұр.

«Біздің компания Мемлекет басшы­сының саясатын белсенді түрде жүзеге асырып, техника сатып алуға лизинг беру арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға жан-жақты көмек көр­сетуде. Бағдарламалардың кең ауқымы ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін кез кел­ген дерлік техниканы сатып алуға мүмкіндік береді. Мәселен, «Экспресс лизинг» немесе «Шебер лизинг» сияқты арнайы бағдар­ламалар арқылы біздің тұтынушыларымыз техника паркін жаңартудың міндетті шы­ғындарын дұрыс жоспарлай алады. «Экс­пресс лизинг» бағдарламасы бойынша қарау мерзімі – небәрі 5 күн. Қазақстанда мұндай жылдам шешімді «ҚазАгроҚаржы» АҚ ғана ұсына алады. Ал «Шебер лизинг» бағдар­ламасында бір жылға лизинг ашу мүмкіндігі бар. «ҚазАгроҚаржы» АҚ стандартты лизинг шарттарынан басқа «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы арқылы ауыл ша­руашылығы тауарын өндірушілерді мем­лекеттік қолдау бағдарламасын сәтті жүзеге асыруда», – дейді компания өкілі.

Иә, «ҚазАгроҚаржы» АҚ-ның арқа­сын­да бүгінде «Нежинка-Ерке» ЖШС 300-ден астам жұмыс орнын қамтамасыз етіп отыр. Одан бөлек, ауыл өміріне де белсенді қа­ты­сады: мектепті жөндеуге демеушілік жасай­ды, өз қаражаты есебінен ауыл бала­ларын еліміздің жоғары оқу орындарында оқытып, оқу ақысы мен тұру шығындарын өздері толық төлеп, кейіннен ЖШС-ға жұ­мысқа орналастырады. Сондай-ақ шаруа қожалы­ғының өзінің құрылыс алаңы бар. Ол жерде өтініш айтқан зейнеткерлердің тұрғын үйлері мен ғимараттарын жөндеуге және күтіп ұстауға көмектеседі. Мұның барлығы жергі­лікті бизнестің табысты дамуының арқасында мүмкін болып отыр, оның ішінде «ҚазАгро­Қаржы» АҚ лизин­гінің де үлесі бары сөзсіз.