Әкімдіктер осындай ұтымды бастамаларға барынша қолдау көрсетуі тиіс.
«Үйде сөйле»: Этномәдени бірлестіктердің билікпен тікелей қатынас орнатуы маңызды
1,190
оқылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты ХХХІІ сессиясының отырысы өтті.

Президенттің айтуынша, Ассамблея көптеген игілікті іске ұйытқы болып отыр. Мәселен, рекордшы Сергей Цырульников «100 ауыл» жобасы бойынша бастама көтерді. Ол ауылдық жердегі 100 мектепті спортқа қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етті. Мұның бәрін бюджеттен қаржы сұрамай жүзеге асырды.

«Үйде сөйле» атты жобаның аясында аула клубтары ашылып жатыр. Тұрғындар сол жерде бас қосып, қазақ тілін үйрене бастады. Әкімдіктер осындай ұтымды бастамаларға барынша қолдау көрсетуге тиіс. Этномәдени бірлестіктердің жергілікті билікпен тікелей қатынас орнатуы маңызды, – деді Президент..

Джолдыханов Сырым Ескелдіұлы,
Көшкентал ауылдық мәдениет үйінің директоры,
Ақсу ауданы, Жетісу облысы.