Бүгін Астанада қазақ тілінде онлайн контентке арналған «Жасанды интеллект дəуірі: қазақ медиасын қайта зерделеу» тақырыбында VI форум өтіп жатыр.
Жиында қазақтілді медианы дамытудың жаңа трендтері талқыланды.
Ақпарат жəне қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырəлі мен АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Дэниел Розенблюм сөз сөйледі.
Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі газет-журналға жазылу онлайн форматта жүзеге асатынын айтты.
«Қазпоштамен» ақпарат саласын дамыту бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойдық. Сондай-ақ Kaspi Bank-пен де әріптестік байланыс орнатып, баспасөзге онлайн жазылу бойынша келісімге келдік. Нәтижесінде, газет-журналға мобильді қосымша арқылы жазылуға қол жеткіздік», – деді министр Дархан Қыдырәлі.
Формуда контент жасаудың әдіс-тәсілдері жан-жақты талқыланып жатыр.