Шетелде ұсталды деген генерал Серік Күдебаевтың ұлы мәлімдеме жасады. Ratel.kz-та жарияланған видеода генералдың ұлы Арман Мырзақұлов әкесін құқық қорғау органдарының өкілдері ұстамағанын айтады.
«Әкем кенже інім Асланбекке қоңырау шалып, «еліме ораламын. Үйге қайтып бара жатырмын» деп хабар айтыпты. БАҚ-та әкемді құқық қорғау органдары ұстағанын айтып жатыр. Әкемді құқық қорғау органдарының өкілдері ұстаған жоқ», – дейді генералдың ұлы Арман Мырзақұлов.
Фото: ratel.kz