Оқырмандар енді газет-журналға Kaspi kz арқылы жазыла алады. Бұл туралы Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі алтыншы рет өткізген Qazaq Forum отандық онлайн контент жасаушылардың форумында мәлімдеді.
Баспасөзге Kaspi kz арқылы жазылуға болады
1,446
оқылды

Бүгіннен бастап оқырмандардың бас­пасөзге жазылу процесі жеңілдейді. 

Жыл басында Каспи банкке әріптестік ұсы­ныспен шығып, банктің қосым­ша­сы арқылы басылымға жазылуды же­дел­дету жайын қозғаған едік.

Нәтижесінде енді баспасөзге Каспи банк қосымшасын қолдана отырып, 18 басылымға тез жазылуға болады, – деді ми­нистр.

Олардың қатарында «Егемен Қа­зақ­­стан», «Казахстанская Правда», «Ана тілі», «Айқын», «Литер», «Мысль», «Түр­кістан» секілді газет-журналдар бар.

– Мұндай қадам жазылушыларға оң­тайлы жолдар ұсынып, олардың қа­тарын артырады деген сенімдеміз. Осы жұмыстың басы-қасында жүрген Ербол Азанбек әріптесіме алғыс айтамын!, – деді министр Дархан Қыдырәлі.

Ашықтық принципіне негізделген жаңа басқару мәдениетін қалыптастыру мәселелері талқыланды.