Қазақстан халқының бірлігі күніне орай елордадағы Ұстаздар ал­леясында ерекше форматтағы көрме ұйымдастырылды. Іс-ша­раға педагогтер, ата-аналар, балалар ерекше атсалысса, қала тұр­ғын­дары мен қала қонақтары ұлттық құндылыққа негізделген қол-ө­нер бұйымдарын тамашалап, ұрпақ тәрбиесіне қатысты қажетті мағ­лұмат­тарды қоса алып кетті.
Шығармашылық көрме шабыт сыйлады
1,494
оқылды

«Монтессори for EVERYONE» шебер­лік сыныбы, «Оқуға құштар мектеп» кі­тап­тары мен «Өнерлі қол – бақытқа жол» шы­ғармашылық және сәндік қолданбалы өнер көрмелері  ұйымдастырылды.  «Мен оқы­ған кітап», READх жобасы аясында ашық алаң өткізіліп, «Құндылыққа негіз­дел­ген білім беру» жобасы аясында  Qtalks  «Бірлігіміз жарасқан» лекциялық алаң да қолға алынған. Астанада алғаш рет өт­кі­зіліп отырған мұндай шараны алдағы уа­қыт­та тұрақты өткізу де ұйым­дас­тыру­шы­лар­ды ойландырып қойды. Себебі көрмеге келушілерден түрлі ұсыныс түсіп, қолға алын­ған шараның қажеттілігі туралы пі­кір айтылған. Астана қаласы әкімдігі әдіс­­­­те­мелік орталығының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің әдіскері Эльвира Ибраеваның айтуынша, биыл Астана қа­ласы бойынша 1 мамыр, 7 мамыр, 9 ма­мыр мерекелік даталарға сәйкестен­дірі­ліп 70-тен аса шара қарастырылыпты. «Оның бірін­шісі бүгін ұйымдастырылып отыр. Көр­мені бірнеше алаңға бөліп қойдық. «Монтессори for EVERYONE» алаңы мек­теп жасындағы балалар мен олардың ата-аналарына арналған. Ол жерде ата-ана­ларға баланың ұсақ моторикасын да­мытуға арналған түрлі ойын мен материал ұсы­нылған. Қарапайым құмның өзін үй жағ­дайында балалардың ой-өрісін дамы­туға арнауға болатыны көрсетіліп, ата-ана­ларға барынша түсіндіріліп жатыр. Одан кейін қосымша білім беру ұйым­дары­ның көрмесі ұйымдастырылып отыр. Мы­салы, «Өнер» мектебі балалардың өзі сал­ған жұмыстарын әкелсе, қышпен жұ­мыс істейтін қолөнершілер бұйымдарын ұсы­нып қана қоймай, балалардың өз қо­лы­мен бұйым жасауына мүмкіндік беріп отыр.  Сондай-ақ техникалық шығарма­шы­лық орталық ұйымдастырған көрмеден де түрлі ағаштан жасалған бұйымдарды та­машалауға болады», – дейді ол. 

Сонымен бірге шараға келушілер оқу­лық­тар мен әдеби кітаптардың көрмесінен өз­деріне қажетті оқулықтарды сатып алу­ға да болады. Ал «Бірлігіміз жарасқан» ша­ра­сына қатысушылар балаларға мо­ти­вация берудің қыр-сырын үйретіп, ұлттық құн­дылықтарды дәріптеуге, Отанды сүюге бағытталған түрлі тақырыпқа дәріс өт­кіз­ді. Шара соңында шағын концерттік бағ­дар­лама ұйымдастырылып, көрмеге ке­летіндерге көтеріңкі көңіл күй сыйлады. 

Көрмеге шығармашылық жұмыстарын алып келген Ұлттық дизайнерлер одағы­ның академигі Қуаныш Әбжаппаров ша­ра­ға өзі мен шәкірттері жасаған 80 жұ­мыс­ты ұсынып отыр. Қазір қолөнершінің мек­теп оқушыларынан бөлек, жеке шы­ғар­машылықпен айналысып жүрген шә­кірттері де бар екен. Оның айтуынша, ұлт­тық қолөнер бұйымдарына қызы­ғу­шы­лық танытатындар көп. Қазірдің өзін­де ба­лалармен келісіп жасаған жұ­мыс­тарды сату­ды да жолға қойған. Мы­салы, ба­ла­лар­дың еңбегі 8-10 мыңға дейін ба­ға­ланса, пайыз­дық үлесін мектепке қал­дырып, қал­ған сомасы оқушының өзі­не аудары­ла­ды екен.

Көрмеге келген оқушылардың да көңі­лінен шыққан шараның берері мол бол­ға­нын айтып, өздерін қызықтырған шы­ғармашылық ізденістерге жол аш­қа­нын жеткізді. 

Ж.МҮСІЛІМ