Құрметті отандастар!
Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл күн – ортақ келісім мен ауызбіршілікті қастерлі құндылығы санайтын көпұлтты халқымыз үшін еңселі елдіктің, ырысты ынтымақтың мейрамы.
Тәуелсіз еліміздің болашағы өзара сыйластық және мызғымас достық сияқты мемлекеттігіміздің берік негіздеріне байланысты.
Сондықтан бүгінгі мереке туған жерге деген шынайы сүйіспеншілігіміз бен шексіз құрметіміздің айшықты белгісі болып саналады.
Әрбір азаматтың келешек ұрпақ алдындағы ұлы міндеті – ата-бабамыздың осынау баға жетпес мұрасын көздің қарашығындай сақтап, ел мүддесіне қызмет ету.
Береке-бірліктің арқасында елімізде тұрақтылық пен үйлесімділік салтанат құруда. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айқындап берген саяси бағдар этносаралық татулық пен дінаралық түсіністікті нығайтуға бағытталған.
Бүгінгі шуақты мерекеде баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге толайым табыс тілеймін!