Мәжіліс Төрағасы, «AMANAT» партиясының басшысы Ерлан Қошанов ел-жұртты 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады.
Қадірлі отандастар!
Баршаңызды Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мейрамның біз үшін мәні айрықша. Өйткені орнықты даму мен барлық жетістіктердің бастауында бірлік пен келісім, татулық пен тұрақтылық тұрады. Ынтымағы жарасқан елдің ғана ырысы артпақ.
Қай заманда да халқымыз мұны жақсы түсінген. «Бірлік бар жерде – тірлік бар» деп тек қана алға ұмтылған.
Қазіргі жаңа дәуірде де мемлекетіміздің басты ұстанымы – осы.
Халқымыз Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төңірегіне топтасып, үлкен өзгерістерге бет бұрды.
Біз береке-бірліктің арқасында көздеген мақсат-міндеттеріміздің бәріне қол жеткіземіз, биік белестерді бағындырамыз.
Ол жол – жаңару жолы, бірлік пен елдіктің жолы.
Осы жолда барша Қазақстан халқына бақ-береке, қажымас қайрат пен мол табыс тілеймін!
Әр шаңыраққа шаттық ұяласын!
Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!