«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы 1 айлық мониторинг жұмыстарын талқылады.
Қызылордада 1 айлық мониторинг жұмысы қорытындыланды
931
оқылды

«AMANAT» партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясы 1 айлық мониторинг жұмыстарын талқылады.

 

Биыл 3 сәуірден бастап, 1 ай көлемінде партиялық бақылау комиссиясы мен партия  филиалдары жанынан құрылған  арнайы топ мүшелері өңірде азық-түлік, жанармай, дәрі-дәрмек бағасы тұрақтылығын сақтау мақсатында мониторинг жүргізген болатын. Соған орай партияның облыстық филиалы жанындағы партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Нұркен Бақытбекұлы  аталған жұмыстар қорытындысымен таныстырып өтті.

«Сәуір айынан басталған айлық жұмыстар аясында  облыс көлемінде барлық топ мүшесі 158 сауда нысанына, 85 дәріханаға, 67 жанармай құю станциясына мониторинг жұмыстарын жүргізді. Мониторинг барысында сауда орындарындағы халыққа қажетті өнімдер жеткілікті екені анықталды. Дегенмен бірқатар тауарлар бөлінісінде жыл басынан бірен-саран ауытқуы байқалды. Қазақстан Республикасының «Сауда қызметін реттеу туралы» заңының 9-бабына сәйкес, дүкендер тауар бағасын өз бетінше белгілейді, алайда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының өткізу құны өндірушінің немесе көтерме саудадағы бағадан 15 пайыздан аспауға тиіс  болатын. Бұл бағыта кәсіп иелеріне азық-түлік бағаларын тұрақты ұстап тұруға ұсыныс білдіріп, бағаны негізсіз көтеру бойынша тиісті жауапкершілік қолданылатыны туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді», – деді партиялық бақылау комиссиясының төрағасы.

Комиссия отырысында кеңес мүшелері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларын тұрақтандыру бойынша бірқатар ұсыныстар көтерді. Атап айтар болсақ, кейбір ірі сауда орындарында әлеуметтік бұрыштардың болмауына орай «Байқоңыр» ӘКК барлық сауда үйлерімен қажетті меморандумдар жасау, бағаларды тұрақтандыру бойынша жедел желі телефондарын орналастыру және олардың қай сауда үйлерінде орналасқандығы туралы кеңінен ақпараттандыру назарға алынды. Сондай-ақ  әлеуметтік дүкендер мен сауда үйлеріндегі әлеуметтік бұрыштарды  көпшілікке ақпараттандыру жұмыстарын жүргізу, тауар өндірушілер мен сатушы арасындағы делдалдарды құрту мақсатында жұмыс жасау қажеттігін айтты. Барлық ұсыныстар хаттамаға енгізіліп, нақты жұмыстар жасалатын болды.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ