Аталған дерекке қатысты қылмыстық іс тіркелді.
Қарағандыда микроқаржы ұйымына шабуыл жасағандар ұсталды
1,349
оқылды

Қарағандыда микроқаржы ұйымына қарақшылық шабуыл жасаған екі ер адам Астана қаласында ұсталды, – деп хабарлайды Рolisia.kz.

5 мамыр күні сағат 18:00 шамасында Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Оңтүстік-Шығыс полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарлама түскен. Онда белгісіз екі адам шағын несие беру ұйымына баса-көктеп кіргені, 30 жастағы менеджер әйелді тапаншаға ұқсас затпен қорқытып, кассадан 1 млн 29 мың теңге алып кеткені туралы айтылған.

Аталған дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 192-бабы 2-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді.

«Ауыр қылмысты ашу мақсатында департамент аппаратының криминалдық полициясының, сондай-ақ Қарағанды қалалық полиция басқармасының және оның аумақтық полиция бөлімдерінің тәжірибелі қызметкерлерінен жедел-іздестіру тобы құрылды. 7 мамыр күні жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында Астана қаласында күдіктілер – 23 және 25 жастағы екі ер адам ұсталды. Айғақ заттар тәркіленді», – деп хабарлады Қарағанды облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.