Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов қазақстандықтарды Жеңіс күнімен құттықтады.
Ерлан Қошанов: Бүгінгі бейбіт өмір, тыныштық пен тұрақтылық осы жеңістің жемісі
876
оқылды

"Құрметті отандастар!  

Ардақты ардагерлер! 

Баршаңызды Ұлы Жеңіс күнімен шын жүректен құттықтаймын!  

9 мамыр  – жанкешті ерлік пен қайсар рухтың салтанат құрған күні. 

Бүгінгі бейбіт өміріміз, тыныштық пен тұрақтылығымыз осы жеңістің жемісі, ардагерлеріміздің қажыр-қайратының арқасы.  

Отан үшін от кешкен даңқты бабаларымыздың  ерлігін еске алып, рухына тағзым ету – өскелең ұрпақтың парызы. 

Мемлекет басшысы ардагерлерге жан-жақты қолдау көрсетіліп, олар қоғамның қамқорлығына бөленуге тиіс деген болатын. Сондықтан соғыс және тыл ардагерлерінің ерен еңбегін еш уақытта ұмытпай, оларға бас июіміз керек. 

Баршаңызға зор денсаулық, жақсылық пен бақ-береке тілеймін! 

Аспанымыз ашық, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!" делінген Мәжіліс төрағасының құттықтауында.