Азаттыққа оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты белсенді Ниязбек Юсупов растады.
Белгілі қоғам белсендісі Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды
1,642
оқылды
Алматыда бір күн бұрын денсаулығының күрт нашарлауына байланысты ауруханаға түскен 74 жастағы оппозициялық саясаткер, диссидент Жасарал Қуанышәлин қайтыс болды.
Азаттыққа оның қайтыс болғаны туралы ақпаратты белсенді Ниязбек Юсупов растады.
Жасарал Қуанышәлин – қазақ диссиденті, оппозициялық саясаткер. 1994-1995 жылдары Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болды. Оппозицияға бет бұрып, түрлі қоғамдық қозғалыстардың құрамында ел басшылығын ашық сынап жүр. Соңғы жылдары ол серіктестерімен бірге партияны тіркеуге тырысқанымен, Әділет министрлігі түрлі сылтаулармен оны тіркеуден бас тартқан. Ол да Қазақстан президенттігіне үміткер болуға тырысты, бірақ оның кандидатурасы тіркелмеді.