Спортшы АҚШ-та көз жұмды.
АҚШ-та қаза тапқан велошабандоздың мәйітін елге алып келу үшін қаржы жинап жатыр
1,267
оқылды

Лос-Анджелесте 24 жастағы велошабандоз Дінмұхамед Ұлысбаев қаза тапты. Оның мәйітін елге әкелу үшін ақша жиналып жатыр. Бұл туралы Aikyn.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды. 

«Дінмұхамед Ұлысбаевтың мәйітін Қазақстан алып келіп жерлеу үшін 15 мың доллар қажет. Қажетті соманы жинауға көмектесіңіздерші», – делінген gofund.me сайты жариялаған жазбада. 

Спортшының қазасы туралы 17 мамырда Қазақстанның велоспорт федерациясы хабарлады. Спортшының жүрегі тоқтап қалған.

Спортшы жұмысқа шақырту алғандықтан шетелде тұрған. 

Дінмұхаммед Ұлысбаев велоспорттан 2016 жылғы Азия чемпионатында жеңіске жетіп, Әлем кубогында жеңімпаз атанды. Сондай-ақ Қазақстан чемпионатында бірнеше рет жүлдегер атанды.