Көлікті сатып аларда жан-жақты тексеру керек.
Сатып алатын көліктің тарихын қалай тексеруге болады?
2,711
оқылды

«Автокөлік тарихы» сервисі арқылы екі миллионнан астам көлік тексерілді. 

Polisia.kz-тің дерегінше, ІІМ пайдаланылған көлікті сатып алмас бұрын оны тексеру керектігін ескертеді. 

Немқұрайлы қарауға болмайды. Автокөліктің болашақ иесіне көлік туралы қосымша ақпарат беріледі. 

Қазақстанда автокөлік тарихын онлайн режимде көруге болады. 

«Автокөлік тарихы» қызметі арқылы: 

– автокөліктің Қазақстанда алғашқы тіркелу күнін; 

– бұрынғы иелерінің санын; 

– кепілдіктер мен ауыртпалықтардың бар-жоғын, сонымен қатар басқа да мәліметтерді көре алады. 

Қазіргі уақытта қызмет Smart Bridge-де орналасқан. Сервис 102 және Halyk Bank, Bereke Bank, Center Credit, ForteBank мобильді қосымшаларында, сондай-ақ Aster.kz сайтында қолжетімді.

Министрлік «Автокөлік тарихына» «Бірыңғай сақтандыру деректер базасын» қосуды жоспарлап отыр. Бұл көліктің жол апатына ұшыраған-ұшырамағанын қосымша тексеруге мүмкіндік береді.