Жөндеу жұмысы кезең-кезеңімен жүргізіледі.
Астана әуежайын жөндеуге байланысты 19 рейс кестесіне өзгеріс енгізіледі
1,482
оқылды

Астана әуежайындағы жөндеу жұмысына байланысты Air Astana компаниясы 19 рейстің ұшу кестесін өзгертеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Астана әуежайының ұшып-қону жолағын жөндеу туралы 2023 жылғы 19 мамырдағы хабарламасына сәйкес, Air Astana әуекомпаниясы 24, 31 мамырға және 7 маусымға (13:20-дан 17:20-ға дейін) жоспарланған рейстер кестесіне өзгеріс енгізуге мәжбүр. Жалпы алғанда, өзгерістер 19 ішкі рейске әсер етеді.

Сондай-ақ 2023 жылғы 15 шілде мен 8 тамыз аралығында Астана әуежайында жоспарлы жөндеу жүргізілетінін ескеру қажет.

Жолаушылар рейстер туралы https://airastana.com/kaz/kk-kz сайтынан, ал билетті қайтару және қайта брондау мәселелері бойынша https://help.airastana.com сайтынан нақтылауы тиіс.