Сенат Спикері Мәулен Әшімбаевтың төра­ға­лығымен Палата Бюросының оты­рысы өтті. Онда депутаттар 25 мамыр күні бо­латын Сенат отырысының күн тәртібін бе­кітті.
Күн тәртібін бекітті
780
оқылды

Соған сәйкес Палатаның алдағы отырысында се­на­торлар «Мүгедектердің құқықтары туралы конвен­цияға Факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» заңды қарайды. Бұл Құжат Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға қосымша келісім екенін атап өткен жөн. Заң аталған Конвенцияны іске асыру тетіктерін белгілейді.

Құжат нормалары мүгедектік белгісі бойынша кемсітушілікті жоюға және инклюзивтілік қағидатын іске асыруға бағытталған. Хаттамаға сәйкес, мүгедек­тігі бар азаматтар Конвенцияның ережелері бұзылған жағдайда осы комитетке хабарламамен немесе ша­ғым­мен жүгіне алады.

Сонымен қатар Бюро отырысында Мәжілістен келіп түскен заңдар жұмыс үшін Сенаттың тұрақты Комитеттеріне бөлініп берілді.