Абай облысындағы орман өрті бойынша жағдай облыс басшылығы мен ТЖ қыз­меттерінің толық бақы­лауын­да. Есепті кезеңде үш өрт ошағын сөндіру бойынша жұмыс жүргізіліп, оның екеуі толықтай сөндірілген.
Тілсіз жаумен күрес жалғасады
943
оқылды

Облыс әкімінің орынбасары Димитрий Гариковтың мәлім­деуінше, үшінші ошақтың жағ­дайы әлі де күрделі. Тілсіз жауды ауыздықтауға  желдің қатты соғуы кедергі келтіріп тұр. Бүгінде қызыл жалынмен күресу үшін 434 адам, өртке қарсы 109 техника, сон­дай-ақ үш тікқшақ жұмыл­дырылды.

«Бізге Астана және Павлодар, Қарағанды облыстарынан көмек ретінде өртке қарсы ТЖМ күш­тері, атап айтсақ, жеке құрамның 130-ға жуық адамы мен өртке қарсы 26 техника келді. Бұдан басқа, Қорғаныс министрлігінің құрамы қосымша тартылатын болады», – деді Димитрий Гариков.

Жақын маңдағы елді мекендер тұрғындарының бір бөлігі туыс­тарына өз бетінше эвакуа­ция­ланды. Олардың мүлкін сақтау  үшін ӨКМ жеке құрамының кезекшілігі ұйымдастырылды. 

Айта кетсек, алдын-ала бол­жам бойынша 3 мың гектарға жуық орман алқабы өртеніп кетті. Жедел штаб өзінің жұмысын үздіксіз жалғастыруда.

Б. ИКРАМОВА

Фото  ҚР ТЖМ баспасөз қызметі