Қазір әлемнің дамыған ел­дерінде экологиялық стан­дарттарға ерекше көңіл бөлініп, көлік қозғалысының электромобиль түріне көшу мәселесі өзекті. Бұл бағытта кешенді шараларды қолға алғандар бар­шылық.
Электромобиль кеденнен қалай өтеді?

Қаржы министрлігі Мем­ле­кет­тік кірістер комитеті, Еуразия­лық экономикалық комиссиясы алқасының 2017 жылғы 20 жел­тоқсандағы «Жеке пайдалануға арналған тауарларға байланысты кейбір мәселелер туралы» ше­шіміне сәйкес, республика аза­матта­рына және ел аумағында тұрақты тұра­тын тұлғаға кедендік салық­тар мен төлемдерден боса­тыла отырып, 1 электромобиль әкелуге рұқсат етілгенін хабарлай­ды. Электромобильді кедендік рә­сімнен өткізу үшін азаматтың жеке басын куәландыратын құжат, иелену, пайдалану және (немесе) оларға билік ету құқығын растайтын құжаттар, сондай-ақ тауарға ілеспе құжаттар (CMR, ТТН, инвойс, тех.төлқұжат) және өз қолымен толтырылған жолау­шы кедендік декларациясын кеден бекетінің инспекторына ұсы­ну қажет. Бұл ретте, деклара­ция бланкісі, оны толтырғаны және тапсырғаны үшін ешқандай ақы төленбейді. Соны­мен қатар электромобильді рә­сімдеген азаматқа Ресей Федера­циясының азаматтығы бар және сол елде тұрақты тұратын тұлғаларға ке­ден­дік тазартудан өткеннен кейін 3 жыл бойы иелену, пайдалану және оларға билік ету құқығына шектеу қойылатынын ескеру қажет. 

Бекен НҰРАХМЕТОВ,

Жетісу облысы 

 «Алтынкөл-жол» кеден бекеті 

басшысының орынбасары