Табиғи орман өртін сөндірудің қиындығы көп. Бұл туралы «Қазавиақұтқару» мәлімдеді.
Өртті сөндіру кезінде су ағызу құрылғысын пайдалану ұшқыштардың шеберлігін талап етеді. Өйткені желдің жылдамдығын есепке алған жөн. Сондай-ақ сөндіру кезінде нақтылық қажет.
Абай облысындағы табиғи өртті сөндіруге Қазавиақұтқарудың аса тәжірибелі ұшу және инженерлік-авиациялық құрамы жұмылдырылды.
Әуе кемелерінің командирлері Мұрат Мұсабеков, Арманбек Әлімжаров, Анатолий Козловский, Леонид Калеканов, Евгений Гончаров, Қалдыбек Асанов, Ержан Базаров, Мұхамед-Шәріп Ермеков, аға ұшқыш-нұсқаушы Ербол Абаев, сондай-ақ борт-механиктер Сәбит Қожамжаров, Азамат Сұлтанбаев, Алтынбек Бекжанов, Игорь Пак, Ауалбек Қазақпаев, бортмеханик-нұсқаушы Дидар Кабикенов және борт операторлары Берекет Тәжікбаев, Молотжан Дуганов, Манас Тынышбаев авиатехниканы пайдалана отырып, қауіпсіз ұшуды ғана емес, өртті сөндіру бойынша күрделі мақсатқа қол жеткізуді қамтамасыз етуге тікелей жауапты болды.
Су ағызу құрылғылары 10-15 секунд ішінде 5 тоннаға дейін су жинайды. Оны 6 секундта шашады. Бұл орман өртенгенде қолданылады.
Өртті тікұшақпен сөндіргенге жылдамдық пен ұқыптылық аса қажет.
Фото: ТЖМ-нен алынды