Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының COVID-19 пандемиясының аяқталуы, Қазақстанда және әлемде коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы туралы хабарлауына байланысты, білім беру ұйымдарында, сондай-ақ «Ashyq» жобасында халықтың арасында коронавирус инфекциясына қарсы күрес жөніндегі шектеу шараларын көздейтін Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларының күші жойылды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлайды.
Пандемияға қатысты шектеу туралы қаулылардың күші ресми түрде жойылды
1,142
оқылды

Осылайша, «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің кейбір қаулыларының күшін жою туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 19 мамырдағы №5 қаулысына қол қойылды. Осы қаулының толық мәтінімен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің сайтында танысуға болады.

Сонымен қатар, COVID-19 коронавирус инфекциясы жойылмағанын хабарлаймыз, вирустың таралуы жалғасуда, бірақ аурудың салыстырмалы түрде жеңіл ағымын ескере отырып, кейіннен халықтың сырқаттанушылығын бақылау басқа вирустық инфекциялармен қатар тұрақты негізде жүзеге асырылатын болады.