Сайлаудың екінші кезеңінде жеңіске жету үшін үміткерлер 50 пайыздан астам дауыс жинауы тиіс.
Түркияда президент сайлауының екінші кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы ресми мәлімет жарияланды

Түркия Жоғары сайлау кеңесі президент сайлауының екінші кезеңінің қорытындысы бойынша алғашқы ресми мәлімет жариялады, – деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.

«Түркия президентін сайлаудағы дауыстардың 54,6% саналғаннан кейін 54,47% дауыспен Ердоған алда келеді, Кылычдароглуда – 45,53%», – делінген хабарламада.